Жиі қойылатын сұрақтар

  • Қандай кепілдік бар?

    Компанияда 100 млн теңге көлемінде жарғы қоры бар. Форс-мажор жағдай бола қалса немесе тендер жобасы төлем жағынан кешігіп жатса, "Caspian Crocus" келісімшарт аяқталатын мерзімде барлық соманы қосылған пайызымен бірге төлейді. Бұл сіз бен компания арасында жасалған келісімшарттың 1.4 тармағында көрсетілген.

  • Қандай тендер алаңдарында жұмыс істейсіз?

    Біз «Самұрық-Қазына», «Мемлекеттік сатып алу», «Reestr Nadloc» секілді алаңдарда жұмыс істейміз

  • Келісімшартты онлайн жасауға бола ма?

    Болады. Егер сізде офиске келу мүмкіндігі болмаса, келісімшартты онлайн форматта жасауға болады

  • Серіктес компаниялармен келісім бар ма?

    Иә, бізде серіктестік туралы келісім бар. Бізге хабарлассаңыз ақпаратты жібере аламыз.

  • «Caspian Crocus» қандай заңды тұлға аясында жұмыс істейді немесе Келісімшартта неге «FastVic» ЖШС көрсетілген?

    «Caspian Crocus» бренд мақсатымен пайдаланылады, ал «FastVic» ЖШС – тіркелген заңды тұлға. Мысал ретінде «Тойота» мен «Лексусты» алуға болады. Салоннан «Лексус» сатып алсаңыз, келісімшартта «Тойота» деп жазылады.

    Оның үстіне «Crocus Invest» ЖШС бізге қатысы жоқ басқа компанияға тиесілі.

  • Реферал жүйесі бар ма?

    Біз пирамида емеспіз, біздің компанияда реферал жүйесі болмайды. Біз әрбір инвестормен жекелей жұмыс істейміз.

  • Сіз пирамидасыз ба?

    Жоқ, біз пирамида емеспіз, тендер бизнесінде жұмыс істейтін компаниямыз. Бізде реферал желісі жоқ. Біз мемлекетпен жұмыс істейміз, іске асырылған тендерден түскен пайдадан ғана дивиденд төлейміз. Біз әрбір инвестормен жекелей жұмыс істейміз және серіктестік шарттар ұсынбаймыз.

  • Қатер қалай әртараптандырылады?

    Инвесторлардың қаражаты белгілі бір тендерге байланып қалмайды, олар компанияның барлық жобаларына бірден бөліп таратылады. Сондықтан тендерлердің біреуі уақытында орындалмай қалғанның өзінде, бұл біздің инвесторларға еш кері әсерін тигізбейді.

  • Төлем ай сайын беріле ме?

    Барлық ақша тендер жобаларына жұмсалып, оларды орындау мерзімі шамамен 3 айға созылатындықтан, біз дивидендті ай сайын төлей алмаймыз.

  • Төлем қалай жасалады?

    Сіз ақшаны біздің офисте қолма-қол ала аласыз, банк картасына да жіберуге болады. Бәрі біздің клиенттерге ыңғайлы болу үшін жасалған.

  • Компания туралы пікірлерді және салымшылардың контактісін қайдан көре аламын?

    Біздің компания туралы пікірлерді 2ГИС-тен немесе «Гугл картадан» оқи аласыз. Клиенттеріміздің контактысын біз бере алмаймыз, өйткені келісімшартта барлық ақпарат құпия деп көрсетілген.

  • Нарықта қанша жыл істейсіздер?

    «Caspian Crocus» бренд ретінде өз жұмысын, жеке тұлғалардың салымын қабылдауды 2019 жылы қарашадан бастады. Осыған дейін біз тек заңды тұлғалармен істеп келдік. Қазіргі кезде компания жеке тұлғалармен жұмыс істеуге басымдық береді. Тендерге қатысатын біздің компаниялардың тендермен жұмыс істеуде 10 жылдай тәжірибесі бар.

  • Бәсекелестерден айырмашылығыңыз?

    Біздің компания клиенттерге шынайы тендер контрактілерінен ақша табу шарттарын ұсынады. Біз есепті ай сайын мейілінше ашық береміз. Сонымен қатар әрбір инвесторымызбен де жекелей жұмыс істейміз. Әрбір инвестор өзі келіп қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.

  • Сіз шариғатқа сай жұмыс істейсіздер ме?

    Бірінші кезекте біз Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жұмыс істейміз.

  • Шариғат бойынша 100 пайыз кепілдік беруге болмайды.

    Біздің компания Жарғы капиталына сүйене отырып кепілдік алады. Осыған орай біз салым сомасының 100 пайыздық кепілді пайдасын бере аламыз.

  • Салынған ақшаны мерзімінен бұрын алуға бола ма?

    Иә, мерзімінен бұрын қайтарып алуға өтінім қалдыра аласыз, бірақ сіз барлық капитализациядан айырыласыз, ал қаражатты 90 күн ішінде аласыз. Әйтсе де инвесторға инвестиция кезеңінің аяқталғанын күту тиімдірек.

  • Кәмелетке толмағандар инвестиция сала ала ма?

    Өкінішке орай 18-ге толмаған азаматтарға инвестиция іс-қызметімен айналысуға заңнамада тыйым салынған.

  • Болашаққа қандай жоспар бар?

    Біздің компания 3 жыл ішінде бүкіл Қазақстан бойынша филиалдар ашуды жоспарлайды. Екі жылда 2 млрд теңге көлемінде капитал жинап, осы сомамен белгілі бір клиенттермен жұмыс істеуді көздейді. Сонымен қатар өзіміздің Big Bro деген фастфуд желісін дамытамыз.

  • Салым сомасын толықтыруға бола ма?

    Соманы инвестициялаудың негізгі кезеңі аяқталған соң толтыруға болады. Ұзарту алдында инвестор: барлық соманы толығымен алып кетуге, тек дивидендті алуға, балансты кез келген сомаға толтыруға құқылы.

  • Капиталдау бар ма?

    Біздің салымдар капиталдауды қарастырмайды, дивидендтер салымның бастапқы сомасынан есептеледі.

  • Директормен кездесуге бола ма?

    Барлық келісімшарт директордың тікелей қатысуымен жасалады. Сондай-ақ кез келген уақытта жекелей кездесуге жазыла аласыз.

  • Тендер есептерін көруге бола ма?

    Біз инвесторларымызға есеп кездесуін өткізіп, онда тендердің барлық құжаттарын көрсетеміз. Сонымен қатар есеппен біздің сайттағы жеке кабинетте танысуға болады.

  • Өз салымымның жұмысын бақылай аламын ба?

    Әрбір инвесторға сайтта жеке кабинет ашылады. Онда инвестор шотының жағдайын бақылап, қызықтырған сұрағын қоя алады және тендер есебін көре алады.

  • «Caspian Crocus»-пен серіктестік маған не береді?

    Біздің компаниямен бірге сіз тәуелсіз инвесторға айналасыз. Қам мен қатерден құтыласыз, ең бастысы - қосымша табыс аласыз.

  • Сіздің компанияңыз тез арада жабылып қалмай ма?

    Біздің болашаққа жоспарларымыз амбицияға толы, тендерлерге қатысты міндеттеріміз де бар, сол себепті жабылуды ойламаймыз.

  • Тендер деген не?

    Мемлекет мемлекеттік компаниялардың шығындарын бақылау үшін қажет тауарды өзі барып сатып ала алмайды, мемлекет сол үшін тендер алаңдарын құрды. Бұл жерде мемлекеттік компаниялар белгілі бір тауарды белгілі бір ақша бюджетімен сатып алуға хабарландыру іледі. Біздің компаниялар мемлекеттік компаниялардың контрактілерін орындайды.

  • Неліктен тендер тиімді?

    Барлық мемлекеттік ұйымның барлық контрактісі мен сатып алуын мемлекеттік органдар бақылайды. Ірі тендерге тек тексерілген компаниялар ғана қатыса алады.

  • Қатер бар ма?

    Біз тек мемлекеттік тендерлерге қатысатындықтан, іс-қызметті бастан-аяқ мемлекет бақылайды. Сол себепті инвестор толықтай қатерден қорғалған.