5 жаңа мұнай-химия зауыты салынды.

Қазақстан Республикасында мұнайхимия саласын дамыту жоспарының аясында 2025 жылдың соңына дейін 5 жаңа мұнайгазхимия зауыты салынады. Бұл үкімет пен инвестор арасындағы жаңа «жекелеген келісім» практикасының арқасында мүмкін болып отыр, бұған мұнайгазхимия ғана емес, көмірсутек жобалары да кіреді.

Жоба мына түйткілді мәселелерді шешуге басымдық бере отырып, саланы нүктелі дамытуға мүмкіндік береді: мұнайгазхимия жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету, мұнайгазхимия кластерін құру, әрі қарайғы қайта өңдеуді дамыту.

Осы жобаның арқасында өндіріс көлемі 9 есе артады, ал ел экономикасына әсерінің болжамы қосымша +1,2%-ға жетеді.

Зауыттар негізінен Атырау мен Маңғыстау облыстарында салынады деп жоспарланған. Caspian Crocus-тың күші де қазір осы өлкелерге шоғырланып отыр.

0 0 vote
Рейтинг статьи
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments