Бәрі тойып тамақ жегенді, дәмді тағамды ұнатады

Бәрі тойып тамақ жегенді, дәмді тағамды ұнатады. Бұны жүріп келе жатып та жасайды. BAHANDI, Salam Bro сияқты брендердің тез танылу құпиясы да осыда жатыр. Тіпті мейрамханалар кейінгі орынға ығысты десе де болады және 2021 жылы бұл тренд жалғасады. Caspian Crocus командасы нарық трендінен қалыспай, мұқият ойластырылған және дәмді “BIG BRO” жобасын іске қоспақшы.

 

Жоспарда бүкіл Маңғыстау облысында қоғамдық тамақтану желісін ашу бар. Біздің жобаның мекені туристік қала Ақтау болады.

 

Біз инвестициялық компания екенімізді ұмытпағайсыз. Сол себепті жобаға ақшаны Crocus серіктестерінен тартуды шештік. Егер сізде осы аймақта ірі жобаның бір бөлшегіне айналуға, үлкен желінің қалыптасуына үлес қосуға ниет болса, онда Crocus жобасына қош келдіңіз.

 

Команда 1 жылдық мерзімге тоқсан сайын дивидент төлеу арқылы 50 000 000 теңге тартады. Қазір қала әкімдігімен жоба эскизін бекіту процесі басталды. Бірінші нүкте «Звезда Актау» ғимаратының маңынан ашылады.

0 0 vote
Рейтинг статьи
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments